«Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына Баспасөз хабарламасы

Источник:КГД МФ РК

Фото:Pixabay

«Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрықтың жобасын  (бұдан әрі- Жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау болып табылады, ұсынылып отырған түзетулер оны Заңда белгіленген құзыретке сәйкес «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болып болатын көздейді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14890778.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 25 қаңтарына дейін.